Біздің балабақша туралы
"Мозайка" балабақшасына қош келдіңіздер. Балабақшамыз 2017 жылдың наурыз айынан өз жұмысын бастап, қызмет жасап келеді. Балабақша-баланың екінші үйі.Мұнда әр бала жеке тұлға ретінде қабылданып,мейірімді ортада тәрбиеленеді. Біздің мақсатымыз: Баланы мектепке жан-жақты дайындау, шығармашылық қабілетін дамыту.Баланың жеке ерекшелігіне көңіл бөлу. Ата-анамен тұрақты байланыс орнату. "Мозайка" балабақшасының негізгі сыйымдылығы-42 балаға арналған. Оның ішінде «Мозайка» кіші тобы, "Айгөлек" ортаңғы тобы, «Ақбота » ересек тобы қазақ тілінде жұмыс жасайды. Тәжірибелі, жүрегі мейірімге толы тәрбиешілеріміз әр баланың жүрегінен орын алып,балаларды шығармашылыққа баулып, сөздік қорларын байытып, күнделікті жұмыстанады. Балабақшамыздың музыка жеттекшісі түрлі байқауларға дайындап, тәрбиеленушілеріміз жүлделі орындар иемденіп, балабақшамыздың мерейін асқақтатуда. ЖШС «Гульнафис» құрылтайшысы Аткеева Алиса Ерланқызы мен балабақша меңгерушісі Алип Кимбат Сагимовна балабақшамыздың әрбір жетістігіне қуанып, әрдайым қолдап отырады. Мозайка балабақшасы туралы mozaikasadik07 инстаграм парақшасына өтіп, таныссаңыз болады. Балабақша меңгерушісі Алип К.С. байланыс телефоны: 8 705 217 67 81


